Жастар

Қарттарға қамқорлық

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бастамасымен «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы басталған болатын.

«Қайырымды істер марафоны» Қарғалы ауданында да ұйымдастырылып жатыр.  Аудандық жастар ресурстық орталығы еріктілер тобымен бірге Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «30  қайырымдылық іс» акциясын бастап кетті. Белсенді жастар бірігіп Бадамша ауылының жалғызбасты 4 қарт тұрғынына көмек қолын созды. Олар қолдарына күрек алып, қариялардың аулаларының қарын күреп, үйлерінің айналасын мұнтаздай етіп тазалап берді. Өз кезегінде қариялар да еңбекқор жастарға баталарын беріп, алғыстарын жаудырды.

— Мен осы акцияға қатысқаныма өте қуаныштымын. Жасы үлкен ата- әжелерімізге қолдау көрсету —  біздің парызымыз. Оларға біз көмектеспесек, кім көмектеседі? Әрбір адам осылай ойлауға тиіс. Үлкен кісіге қар күреу, дүкенге бару деген секілді жұмыстардың өзі өте қиын, — дейді акцияға қатысушы белсенді жас Ерасыл Тағыбергенов.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мұндай іс-шаралар алда да жалғасады.

Кәмшат БАЙХАНОВА,

Қарғалы ауданы.  

Басқа жаңалықтар

Back to top button